Жаңалықтар

Ескі жүйені көксеушілер әлі де табылады – Нұртөре Жүсіп

Ескі жүйені көксеушілер әлі де табылады – Нұртөре Жүсіп
Фото: facebook.com/nurtore.jusip 03.01.2024 14:44 1910

Президент «Егемен Қазақстанға» кең көлемді сұхбат беріп, Қаңтар оқиғасына қатысты біраз мәселенің басын ашып айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әсіресе Қазақстанды Ресей құтқарып қалды дегендерге жауап берді.

Аймақтарда жаппай тәртіпсіздік белең алып, жергілікті билік дәрменсіздік танытқанда, Қауіпсіздік кеңесі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жүгіну туралы шешім қабылдады. Қазақстан оның бітімгерлік күштерін тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана қысқа мерзімге енгізуді сұрады. Бұл жерде мына жайтқа баса мән беру керек. Біз бұл құрылымның мүшесі ретінде Ресейге емес, Ұжымдық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымына жүгіндік, - деді президент.

Осы орайда Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп халықтың президентіміздің іргелі және түбегейлі реформаларын қолдап отырғанын айтты.

Депутат: «Ескі жүйені көксеушілер әлі де табылады. Олардың көбісі «майлы жілік» мүжігендер… Кейінге оралудың жөні де реті де жоқ! Бұл бұлтартпас және бұлжымас қағида болуы тиіс, - деп пікір білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға