Жаңалықтар

Ескерткіштердің қандай түрлері кездеседі?

Ескерткіштің көрнекті түріне, ансамбльге, табиғи ландшафт нысандарына қатыстылығы
Ескерткіштердің қандай түрлері кездеседі?
17.08.2018 13:36 21250

Қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштер, қасиетті мекендер, сакральді орындар жайлы зерттеулер жылдан жылға толығып келеді. Сондай бір зерттеулердің бірін сіздерге ұсынсақ деген ойдамыз. Бұл мақалада Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жүргізген Қазақстандағы киелі жерлер географиясының объектілерін зерттеу тарихымен өзге де танымал археологтардың зерттеулері кітабынан жинақталған.

Қазақстан Республикасындағы киелі жерлер географиясының табиғи, тарихи-мәдени, рухани нысандарының бірегейлігі мен маңыздылығы табиғи және мәдени-философиялық критерийлермен анықталады.

Табиғи критерийлер:

1) нысан айрықша мәдени ландшафтты кеңістік орын ретінде ерекше табиғи феноменге ие;

2) нысан сол өңірдің табиғат тарихындағы негізгі кезеңдердің, маңызды оқиғалардың, фактілердің үлгісі ретінде ерекшеленеді (өткен дәуірдің және қазіргі кезеңнің табиғат ескерткіштері, нақты өңірдегі ерекше символикалық табиғи үрдістер, табиғи-геологиялық құбылыстардың сирек үлгілері);

3) нысан Қазақстанның қазіргі өңірлеріндегі әртүрлі экожүйелердің эволюциясындағы экологиялық, биологиялық, биофизикалық, зоологиялық үрдістердің ерекше үлгілерін көрсетеді;

4) нысан ғылыми тұрғыдан сирек кездесіп, ерекше құнды түрлерді қоса алғанда биологиялық алуан түрлілікті сақтау үшін жергілікті, өңірлік және республикалық мекендеу ортасын қамтиды;

Киелі жерлер географиясы нысандарының көрнекті табиғи және тарихи ескерткіш/мемориалды ансамбль ретіндегі мәдени-философиялық критерийлері:

1) Этникалық сананың маңызды құндылықтарымен, қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымымен, табиғи орындармен, бетбұрысты тарихи және мәдени оқиғалармен байланысты табиғи орындар, табиғи құбылыстар, ландшафтты нысандар;

2) Эстетикалық әсер ететін ерекше табиғи көркемдікке ие сирек құбылыс немесе географиялық орын;

3) Планетаның жаратылыс тарихындағы ерекше қызықты ғылыми фактілер, экологиялық және биологиялық үрдістердің үлгілері;

4) Флора мен фаунаның және жойылып бара жатқан түрлердің биологиялық алуантүрлілік мәніндегі маңызды құбылыс ретіндегі елдік, облыстық және жергілікті агломерациядағы табиғи ареалы.

5) Қазақстан Республикасының дамуындағы маңызды әлеуметтік, тарихи және мәдени үрдістерді, оқиғаларды, идеялар мен т.б. білдіретін шебердің ерекше туындысы;

6) Табиғаттың мәдени құндылықтарының, адам мен руханияттың өзара байланыстарының үлгісі;

7) Қазақстанның этностарының ерекше мәдени дәстүрлері мен жоғалған немесе жоғалмаған өркениеттер түрлері;

8) Әлемдік, өңірлік (орталықазиялық), отандық тарихтың заманалық кезеңдерін бейнелейтін Қазақстан Республикасының мәдени ландшафтындағы мемориалды және кешен ансамбльдердің технологиялық ерекшеліктері, сәулет, мүсін өнерінің туындылары;

9) Дәстүрлі тұрғын үйлердің, әскери, ауылшаруашылық құрылыстарының, жер өңдеу және т.б. технологияларының көрнекті үлгілері;

10) Маңызды оқиғаларды, дәстүрлерді, жетістіктерді, идеяларды, діни сенімдерді, әдебиет және өнер туындыларын бейнелейтін әлемдік эталондарға сай табиғат немесе тарихи-мәдени нысан.

Маңызды табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер түрлі әлеуметтік-мәдени функцияларды атқарады. Атап айтар болсақ: танымдық – тарихи оқиғалар жөнінде жаңа білімдер; білімдік – ескерткіштерді дидактиканың тиімді әдісі ретінде қабылдауы; тәрбиелік – адамның дүниетанымы мен тарихы санасына әсер етуі; коммуникативтік – ескерткіштің басты идеяларын символикалық қабылдау арқылы ұрпақтар мен тарихи уақыт арасында байланысты жүзеге асыру.

Географиялық және климаттық жағдайлар этникалық мәдениетке және этникалық сананың қалыптасуына зор ықпал жасайтыны белгілі. Ол этнофордың жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілген табиғи және ландшафтты нысандардың топонимдерінен көрініс тапқан. Қазақтар табиғи-мәдени ландшафттың ерекшелігін бейнелейтін экологиялық, эстетикалық және этикалық құндылықтарды жасап шығарған. Қазақтардың дүниетанымы мен этникалық санасында «Туған жер» туған өлкесінің топонимикасы қалыптасты. Ол тілде және Қазақстанның өңірлеріндегі диалектілерде табиғи және тарихи-мәдени мұраны құрайтын киелі географияны қалыптастырған. ХХ ғасырдың 60-жылдары В.А. Никонов «Введении в топонимику» еңбегінде топонимдердің қызметтерін көрсеткен. Олар төмендегідей:

1) Географиялық орында нысанның анықталуы кезіндегі номинативті функция-міндетті функция ретінде.

2) Дескриптивті – сипаттамалық функция түріндегі

3) Идеологиялық функция.

Барлық топонимдер тарихты баяндап, табиғи және мәдени мұраларды бейнелейтінді. Оларды түсіндіре отырып, дәуірді және ұрпақтар сабақтастығын көрсетеді. Елдің топонимикасы мемлекеттің ерекше тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді. Этникалық жад жоғалып кеткен географиялық атауларды есте сақтап, уақыт өткен соң қайта жаңғыртуға көмектеседі. Өйткені тарих – оқиғаларды түсіндіру формасы және әр жаңа ұрпақ өткенді өзінше түсініп талқылайды. Өткен тарихты іздестіріп әлеуметтік сабақ алған. Тарихи жадының қайта оралуы – рухани жандануымыздың негізі болып табылады.Топонимикалық атаулар табиғи нысандар мен этникалық жады арқылы мыңжылдықтар бойы этностардың мәдениетінде сақталып, олардың рухани құндылығы мен мәдени мұрасын құрайды. «Тарихи-мәдени маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің (мәдени мұра объектілері) қағидаларының анықтамасы» атты ғылыми мақалада ескерткіштің құндылық критерийлері көрсетілген:

- объектінің мемориалдық құндылығы, оның түпнұсқалығы, тұлғаның немесе мемлекет, өңір, облыс және көптеген адамдар үшін оқиғаларды есепке алу маңыздылығы;

- «архитектуралық маңыздылық – мәнерлілік стилі, даралық, авторлықты дербестендіру, жобалау және құрылыс кезінде басқада озық әдістемелер, әдістер мен материалдарды қолдану;

-қала құрылыстық құндылық – ескерткіштің қоршаған ортаға әсері, оның ұйымдастырушы немесе үстем рөлі, немесе аумақ құрылысының ансамбльдік сипаты;

- көркемдік-эстетикалық құндылық және эмоционалдық әсер ету деңгейі;

- түпнұсқалық, ... оның тарихи өткені жайында айғақтаушы».

1465 жылы Қозыбас тауында Керей мен Жәнібек қазақ хандығын Шу мен Талас өзенарасында орналасатының жариялаған, Ұлытауда қазақ тайпаларының рулық таңбалары қойылған. Осы географиялық «есте сақтау орындары» ұлттық сана-сезім үшін тарихи маңызы бар мәдени ландшафт болып табылады. Қазақстанның киелі географиясының ескерткіштері Қазақ хандығы мен қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің тарихын көрсетеді. Ескерткіш өнер мен технологияны бейнелейді, саяси жағдайларды, идеологияны, ғылыми және өндірістік мүмкіндікті дамытуды, дәуірдің эстетикалық нормаларын және эстетикалық топтардың мәдени байланыстарын бейнелеген. Осы негізгі критерийдің классикалық үлгісі болып, мысалы, Жетісуда орналасқан қазақ хандығының тарихын бейнелейтін тарихи және мәдени ескерткіштері мен табиғат объектілері, қазақ этносының тәуелсіздік үшін ғасырлық күресін дәлелдейтін материалдық және рухани объектілері Қазақстанның әрбір өңірінде орналасқан. ХV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Шу мен Талас өзендерінің жағасына көшіп барған. Қазақ хандығына батыс Жетісу, орталық Қазақстан, Сырдарияның орта ағысының жерлері кірген. Жібек жолында орналасқан Сырдария маңында орналасқан қалалар сауда-саттық маңызға ие болғанды. Қазақстанның киелі географиясы үшін қалалардың, олардың бөліктерінің, елді мекендерінің тарихи-мәдени құндылықтарының ерекше критерийлері:

1)қала құрылымы және оның элементтері;

2)көше-жолдық желі;

3)біртұтас/ішінара жойылған аудандар мен көшелердің тарихи орналасуы;

4)ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-кеңістік құрылымы;

5)қала жоспарын көрсететін тарихи және қала құрылыстық объектілер.

1730 жылы қазақ тайпалары мен рулары бірігіп жоңғарларды жеңіп, туған жерді босатқан. Осылайша, Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұрасының ерекше ескерткіштері ретінде киелі география объектілері түріндегі табиғи ландшафттар, монументтер мен мемориалдық ансамбльдер жатады. Мысал ретінде, бірегей археологиялық, архитектуралық діни ескерткіштер, Ұлы Жібек жолының керуен-сарайлары, ортағасырлық қалалар, Қазақ хандығының монументалды құрылыстары, ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихына үлес қосқан тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметіне байланысты еске алу орындары.

Қазақстанның үлкен аумағы өткен дәуірдің көптеген ескерткіштерімен, тарихи оқиғалардың куәгерлерімен, олармен байланысты адамдармен, мемлекеттің тарихында, архитектураның және техникалық данышпанның бірегей ескерткіштерін құрып, мәдени мұраның үлкен қабатын қалыптастырады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстардың салдарынан туындаған немесе олардың әсерін іздейтін бұл нысандар тарихи және эстетикалық ақпараттың шынайы көздері болып табылады. Олар ғылымның, мәдениеттің, білімнің, жоғары руханилықтың дамуына қызмет етуде. Қолданыстағы жіктеу бойынша, Қазақстанның салттық географиясының барлық объектілері ескерткіштің тән ерекшеліктеріне байланысты келесі сипаттамаларға сәйкес жүйеленуі мүмкін: тарихи-ландшафтық ескерткіштер. Көптеген жағдайларда ескерткіштердің бұл бөлімі шартты болып табылады, өйткені сол объект ескерткіштердің әртүрлі санаттарына тән сипаттамаларды – тарихи және архитектуралық, сәулеттік-діни және т.б. біріктіре алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға