Есірткіге қарсы акцияға 280 мыңнан астам жасөспірім қатысты
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті және оның аумақтық бөліністері жергілікті атқарушы органдардың көмегімен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай республикалық есірткіге қарсы айлықты өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24 мамырда Ішкі істер министрінің төрағалығымен, Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппараты, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен өткен есірткіге қарсы штаб отырысында ашылды. Барлық өңірде әкімдіктермен есірткіге қарсы профилактикалық іс-шараларды өткізу жоспарлары бекітілді.
Есірткіге қарсы айлық кезінде еліміз бойынша 5414 іс-шара өткізілді, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс және турнир, 150 профилактикалық сипаттағы конкурстар бар. Оның 994-і нарколог-дәрігерлердің, 894-і еріктілердің, 215-і жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425-і үкіметтік емес сектормен және 610-ы білім беру ұйымдарымен бірлесіп өткізілді.
Атап өту қажет, бұл шаралар 280 мыңнан астам жасөспірім мен жастарды қамтыды. Нарколог-дәрігерлер және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары өзекті мәселелер бойынша азаматтарға кеңестер ұйымдастырды. Барлық өңірде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, есірткі сайттарының жарнамасы бар граффити-жазуларды анықтау және өшіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оған 500-ге жуық ерікті қатысып, 6 мыңнан астам граффити боялды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
22 маусымда Астанада “Хан Шатыр” сауда-ойын-сауық орталығында, сондай-ақ Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатрда “Астана – есірткісіз қала!” акциясы ұйымдастырылды. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары мен спорт саңлақтары, вокалдық және би ұжымдары қатысты.
23 маусымда Алматыда “SADU ARENA” спорт кешенінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті грэплингтен халықаралық турнир өткізді. Оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен мыңға жуық спортшы қатысты. Осындай ауқымды іс-шаралар 26-27 маусым күндері республика бойынша өткізілді.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Ішкі істер министрінің құқығымен жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның 110 өкілі грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Аталған іс-шаралар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Жалпы 4259 жарияланым жасалды. Оның 462-сі ақпараттық агенттіктерде, 121-і телеарналарда және 3676-сы Instagram, Facebook, YouTube және TikTok әлеуметтік желілерінде. Барлық материалдар ІІМ ведомстволық ресми парақшаларында да жарияланды. Мұндай іс-шараларды республика көлемінде өткізу жалғасатын болады, – деді Бақытжан Әмірханов.