Есірткі сатумен айналысқан жамбылдық 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
16.08.2022 17:49
1135
Есірткі сатумен айналысқан жамбылдық 15 жылға дейін сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қарасора-2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында аса ірі мөлшерде героин өткізумен айналысқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға