Жаңалықтар

Есірткі өнімдерін саудалаған 31 жастағы алматылық қолға түсті

Есірткі өнімдерін саудалаған 31 жастағы алматылық қолға түсті
Фото: trbzdrav.ru 09.02.2023 17:45 935

Есірткі өнімдерін саудалаған 31 жастағы алматылық қолға түсті, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен Әуезов аудандық полиция басқармасының кызметкерлері бірлесе отырып есірткі саудагерін қолға түсірді.

– ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен, яғни есірткі заттарын заңсыз сатып жүрген 1992 жылы туылған Б. есімді азамат құрықталды. Рұқсат етілген тінту барысында күдіктіден есірткі тектес заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде оның кептірілген марихуана екендігі анықталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабы (Ұстап алу негіздері) бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,- деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға