«Есірткі беріп, жабылып зорлаған». Ақтауда фитнес-бапкердің өліміне күдіктілер сотталды
Фото: бауырының мұрағатынан
Фото: бауырының мұрағатынан
31.01.2025 11:07
474
Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алина Серікова 2024 жылдың мамыр айында бір топ ер адамнан зорлық көріп, үш күннен кейін көпқабатты үйден секіріп қаза тапқан еді.
2024 жылдың 18 желтоқсанында қылмыстың басты фигурантына сот 20 жыл, ал қалғандарына 6 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. 2025 жылғы қаңтарда Маңғыстау облысының прокурорлары апелляция берді. Мемлекеттік айыптау тарапынан сот үкімі тым жеңіл деп танылған.
Сот бас айыпталушыны өмір бойына, екіншісін - 16 жылға, қалған үш адамды - 13 жылға бас бостандығынан айырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматыда есірткі жарнамалаудың жаңа тәсілі анықталды