Жаңалықтар

«Есіктің асты 20 см-дей ашық тұр». Астанада жылы аялдамаларды қалай жөндейді

Елорданың Есіл ауданында 51 жылы аялдама бар. 2022 жылы 5 жаңа жылы аялдама орналастырылған
«Есіктің асты 20 см-дей ашық тұр». Астанада жылы аялдамаларды қалай жөндейді
Фото: Марат Амиров 04.01.2023 15:30 2910

Қыс басталып, жылы аялдамалардың мәселесі көтерілгенде елордадағы бірқатар аялдамаларды аралап, олардың ахуалын бақылаған болатынбыз. Есіл ауданындағы есігі жоқ, тазалық жұмыстары жүргізілмеген және жылуы жоқ аялдамалардың мәселесі туралы Есіл ауданының әкімдігіне хат жолдап, жауабын алдық.

Елорданың Есіл ауданында 51 жылы аялдама бар. 2022 жылы 5 жаңа жылы аялдама орналастырылған.

Бұған дейін елордадағы жылы аялдамалардың ахуалын тексеріп, фоторепортаж жасаған болатынбыз. Тексеру барысында, Есіл ауданындағы бірқатар аялдамалардың есігі жоқ болып шықты және қоқыс шашылып, тазалық сақталмаған аялдамаларды да байқадық.

«Вандализм фактілеріне байланысты «Меркурий» және «Жағалау 4» аялдама кешенінің терминалында есіктер зақымданды. Бүгінгі таңда аталған ақауларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, ақаулар анықталуына қарай шағын мерзімді жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлімдеді Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты.

«Есіктің асты 20 см-дей ашық тұр». Астанада жылы аялдамаларды қалай жөндейді

Жоғарыда аталған аялдамалардың ақауларын тексеріп көрдік. Нәтижесінде, Шыңғыс Айтматов көшесіндегі «Жағалау» аялдамасының есігі дұрыс салынбағанына сол ауданның тұрғындары шағымын білдірді.

«Аялдаманың есігі біршама уақыт бұзылып, ашық тұрды. Енді міне, есікті қайта орнатты. Дегенмен, есіктің асты 20 см-дей ашық тұр. Іште жылу болғанымен, астынан жел есіп тұрады. Мынадай тесікті қалай көрмегені таң қалдырады», - деді қала тұрғыны.

«Есіктің асты 20 см-дей ашық тұр». Астанада жылы аялдамаларды қалай жөндейді

«Меркурий» аялдамасына жаңа есік орнатылған және жылу жүйесі қосылғанын байқадық. Тұрғындардың айтуынша, алдамлардағы жөңдеу жұмыстары 7 желтоқсанда жүргізілді.

Сонымен қатар, Есіл ауданының әкімдігіне қаладағы бірқатар жылы аялдамаларда тазалық жұмыстары жасалмағанын айтап едік, ол бойынша да жұмыстар жүргізілгенін байқадық. 

«Есіктің асты 20 см-дей ашық тұр». Астанада жылы аялдамаларды қалай жөндейді

Әкімдік бұл сауалымызға: «Мәңгілік ел даңғылы мен Достық көшесі бойындағы АП тазалау мен жылытуға қатысты санитарлық тазалау аптасына 2 рет бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі, жылыту штаттық режимде жұмыс істейді», - деп жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға