Есік қаласындағы атыста күдікті ретінде ер адам ұсталды
Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Фото: vpk.name
Фото: vpk.name
25.07.2022 19:42
2498
Алматы облысының Есік қаласында болған атысқа қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– Полиция қылмысқа қатысты бар деген күдікпен 30 жастағы тұрғынды ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс үш бап бойынша (Адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу және қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) тергелуде. Полиция оқиғаға қатысқан өзге де тұлғаларды іздестіріп жатыр, – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,5%-ға дейін көтерді