«Ештеңе күтудің қажеті жоқ». Жақында ғана тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан ойын бөлісті

Фото: instagram.com/dinarasatzhan
Фото: instagram.com/dinarasatzhan
06.04.2025 21:45
763
Жуырда ғана тұрмысқа шыққан қазақстандық тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжан жанкүйерлерін жаңа жазбасымен қуантты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол өзінің басты инсайтын ортаға салды.
Басқа адамдардан ештеңе күтудің қажеті жоқ – бұл мен кешегі күні түйген басты ойым. Әр адам өз өмірін өзі қалыптастыруы тиіс. Біреуден бірдеңе күту кез келген қарым-қатынасты бұзады. Олар реніш тудырады. Негатив әкеледі. Жақсылық жасағың келе ме? Жаса! Қуаныш сыйлағың келе ме? Сыйла! – деп жазды Сәтжан Instagram парақшасында.
Сондай-ақ ол оқырмандарын ештеңе күтпей, тек шығармашылықпен айналысып, даму мен өз ісіне берілумен айналысуға шақырды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанайда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Келесі жаңалық
Ақмолада ауыл тұрғындары көлік қатынасынсыз қалды