Ешқандай қазақ келініне айырбастамаймын – Бүркіттің анасы келіні жайлы

Қазақстандық танымал әнші Бүркіт өзінің Instagram-дағы парақшасында анасының келінін мақтап, ешқандай да қазақ қызға айырбастамайтынын айтқан видеосын салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақын Айша Көпжасарова келіні Аишаның тәрбиесіне, жайдары мінезіне ризашылығын жеткізді:
Келініме рахмет айтамын. Осы келінді тапқан Айбегіме рахмет айтамын. Мінезі жақсы, өте жайдары, ешқандай келінге, ешқандай қазақтың келініне айырбастамаймын. Өте жақсы адам.
Оқи отырыңыз:
- TikTok-та қалай танымал болуға болады?
- Лара Фабианның концертіне билет алғандар 5 млн теңгеге алданып қалды
Сонымен қатар әншінің анасы келіні жақсы болғандықтан да мақтайтынын, сол үшін де Аллаға шүкіршілік ететінін жеткізді.
Бір-біріңді тапқан екенсіңдер. Қара домалақ балаларды өмірге әкелді. Ата-анасынан аумай қалған. Мақтанып кетті демеңіздер. Мен жақсы болған соң айтып отырмын. Жаман болса, төмен қарап, ұялып отырар едім. Қазір мен қуанып отырмын. Алла Тағалаға риза болып отырмын, - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аиша (шын есімі – Жансейітова Виктория Игоревна) – қазақстандық әнші, актриса әрі блогер.
