Жаңалықтар

«Ешкім өміріме кепіл болмайды»: Танымал актер ауыр дерті туралы алғаш рет ашып айтты

«Ешкім өміріме кепіл болмайды»: Танымал актер ауыр дерті туралы алғаш рет ашып айтты
Фото: видеодан алынған кадр 16.10.2024 17:24 1051

Қазақстандық танымал актер Мұрат Бисембин ауыр дертке шалдыққан соң, алғаш рет сұқбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында химиотерапиядан неге бас тартқанын айтты.

Ұйқы безінің қатерлі ісігінің екінші кезеңінде жүрмін. Төрт рет химиотерапия алдым. Жалпы сегізін алуым керек еді. Бірақ мен бас тарттым. Химиотерапия алып көрген адамдар жақсы біледі. Өте қиын ем түрі. Қатты әлсіреп қалдым. Қазір емдеудің басқа түрін таңдадым. Ол халық емі емес, медициналық емнің бір түрі. Ешкім менің өміріме 100% кепілдік бермейді. Германия, Түркия, Үндістан мен Оңтүстік Корея дәрігерлері де емдеуге қарсы емес, десе де ешкім толық жазылып кетуіме кепілдік бермей тұр. Қазіргі уақытта тек жақсы нәрселер ойлап, көңіл күйімді түсірмеуге тырысып жүрмін, - деді актер.

Бұған дейін актердің  қатерлі ісікке шалдыққанын хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға