Жаңалықтар

Ержановтың фильмі «Киношокта» топ жарды

Қазақ киносының жетістігі
13.09.2016 05:37 3172

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмі Анапада өткен ТМД және Балтық жағалауы елдерінің кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

Ержановтың фильмі «Киношокта» топ жарды

Әділхан Ержанов – отандық кино саласына өзіндік жаңалығымен келген жас режиссер,«партизандық киноның» өкілі. Ержанов азғантай бюджетпен салмағы ауыр әлеуметтік фильмдер түсіреді. Оның «Үкілі кәмшат» атты трагикомедиясының әлемдік премьерасы атышулы Канн фестивалінде өткен болатын.

«Қаратас ауылындағы обада» жас әкім шалғайдағы оба жайлаған ауылға жұмысқа келеді. Жергілікті билік өкілдері ауылды жайлаған обаны жоққа шығарып, оны жай ғана тұмауға теңейді.  

Ержановтың фильмі «Киношокта» топ жарды

«Киношок-2016» фестивалінде ең үздік режиссура үшін «Рассвет» фильмінің режиссері Ләйлә Паканыня марапатталды. Ал, «ең үздік ер адам рөлі» аталымында Тимофей Трибунцев ("Монах и бес", Ресей) пен Юозас Будрайтис ("Сад Эдема", Литва) жеңіске жетті. Биыл «ең үздік әйел адам рөлі» ешкімге бұйырмады. Режиссер Николай Достальдің «Монах и бес» атты жаңа фильмі «ең үздік сценарий» деп танылды (сценарий авторы – Юрий Арабов).

Қысқаметражды фильмдер байқауының бас жүлдесі ресейлік режиссер Наталья Назарованың «Святлачок» атты фильміне берілді. Айтпақшы, дәл осы категория бойынша қазақстандық жас режиссер Дархан Төлегенов «Луч утренней звезды» атты жұмысы да бақ сынаған болатын.


Айбота ӨТЕУЛІ

Сурет: tengrinews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға