Жаңалықтар

Ержан Құттыбаев: «Нұрлы Жол» - Жаңа экономикалық саясат жолы

Елбасымыздың көрегендігі «Ұлттық қор» құруы. Бұл басқа елдерде жоқ үрдіс. Шикізат өндіру мен одан түскен табыстар осы Қорға салынды.
18.11.2014 11:53 6886

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2015 жылға арналған жолдауы «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген принципке негізделеді. Бұл өте орынды және дер кезінде жасалған тарихи құжат болып табылады. Өйткені әлемдік экономикалық дағдарыстың екінші кезеңінің табалдырығында тұрған кезде жария етілген құжат.

Ержан Құттыбаев: «Нұрлы Жол» - Жаңа экономикалық саясат жолы

Осы дағдарыстан басқа елдердің қалай шығарын өз басым білмеймін Ал Қазақстандықтардың көңілі осы тарихи жолдаудан кейін жай тапты деп ойлаймын.

Президентіміз: «Таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады» - деп атап көрсетті.

Елбасымыздың көрегендігі «Ұлттық қор» құруы. Бұл басқа елдерде жоқ үрдіс. Шикізат өндіру мен одан түскен табыстар осы Қорға салынды. Осы қордан 10 миллиард доллар 2007 – 2009 жылдардағы дағдарысқа жұмсалды. Қалған ақша жұмсалмай сақталып, көбейді.

Міне соның пайдасын Қазақстан Халқы енді көргелі отыр.

Ақпан айынан бастап Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014 – 2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі трашсы бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған.

Бірінші траншы аяқталып, екінші транштағы 500 миллиард теңгені Президент мына мақсаттарға бағыттауды тапсырды. Атап айтқанда:

1. Шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге 100 миллиард теңге бөлуді.

2. Банк секторын сауықтыруға 2015 жылы 250 миллиард теңге бөлуді.

3. Жаңа инвестициялар тартуға 81 миллиард теңге бөлуді.

4. ЭКСПО 2017 кешені құрылысын жалғастыруға 40 миллиард теңге бөлуді.

5. Астананың көліктік инфрақұрылымын дамытуға 29 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

Бұдан әрі Елбасымыз Қазақстандағы бүгінгі әлеуметтік – экономикалық жағдайды жіліктеп тұрып талдап берді.

Жолдаудың қорытындысында Елбасымыз жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, Тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырғанымызға тоқталды.

Қорыта айтқанда: «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» болды. 


Ержан Құттыбаев, облыстық мәслихаттың депутаты, 

Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі,

«Нұр Отан» партиясы Тарбағатай аудандық саяси кеңесінің мүшесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға