Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары атанды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
17.02.2025 09:03
945
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев ҚР Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұған дейін ол президент кеңесшісі лауазымын атқарып келді.
Сондай-ақ:
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеев ҚР Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Ал оның орнына бұл қызметке Дәурен Тілекұлы Ерғарин тағайындалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде былтыр 160-тан астам адам жол апатынан қаза тапқан
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті