Жаңалықтар

Ерұлан Жамаубаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Фото: gov.kz 20.05.2024 08:38 608

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.

Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».

Еңбек жолы:

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 наурыздағы № 7 өкімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалған.

2020 жылы еліміздің Қаржы министрі болды. Ол бұл қызметті 2024 жылғы ақпан айына дейін атқарды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға