Жаңалықтар

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Ертіс өзенінің алқабында орналасқан Павлодар облысы Қазақстанның инфрақұрылымы дамыған өңірлерінің бірі.
27.01.2015 04:28 6587

Ертіс өзенінің алқабында орналасқан Павлодар облысы Қазақстанның инфрақұрылымы дамыған өңірлерінің бірі. Бұл аймақ Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының белсенді әрі стратегиялық маңызды мүшесі болып табылады. Облыс экономикасының негізін өнеркәсіп құрағандықтан, жергілікті халықтың төрттен бірі, соның ішінде жастар зауыттарда жұмыс істейді.

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

«Проммашкомплект» ЖШС 2006 жылы құрылды. 2009 жылы кәсіпорын басшылығы темір жол бағытын сызықтық ауыстыру өнімдерін шығару бойынша зауыт салу туралы шешім қабылдайды. Екібастұз қаласында салынған  аталмыш зауыт 2010 жылы ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша ҚР-ның индустрияландыру картасына енген болатын. Зауыттан шыққан өнім «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізіледі. 

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Кәсіпорын 2014 жылдың есебі бойынша 570 адамды жұмыспен қамтып отыр, ондағы орташа жалақы мөлшері 118 848 теңгені құрайды.

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Республикалық индустрияландыру картасына енген зауытқа 2016 жылға дейін «Темір жолға арналған дөңгелек шығару кешенін құру» тапсырмасы қойылған. Бұл жоба тағы да 252 адамға жұмыс орнын ашады.

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Осылайша, зауыт жыл сайын жас мамандармен толысып отырады. Темір жол саласы еліміздегі тасымал инфрақұрылымының маңызды бөлшегі болып саналатынын ескерсек, осы салада тер төгіп жатқан жастар индустриялық-инновациялық дамудың басты қаһармандары болып табылады. 

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

«Павлодар машина жасау зауыты» АҚ «Механикалық цехтарды модернизациялау» жобасы бойынша «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысы. Құны 409 млн. теңгені құрайтын жобаның мақсаты зауыттағы механикалық цехтарды модернизациялау. Жоба сәтті жүзеге асырылса, ағымдағы жылы еңбек өнімділігі 1,8 есеге артуы керек.

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Зауытта 400-ден астам адам жұмыс істейді. Оның 80 пайызын 22-35 жас аралығындағы жастар құрайды. Орташа жалақы көлемі өткен жылдың есебі бойынша 86 516 теңгені құрайды. «Павлодар машина жасау зауытына» әлі күнге дейін техникалық жоғары білікті мамандар (дәнекерлеуші, станокшы) қажет.

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

«Қазэнергокәбіл» АҚ 15 жылдан бері аймақта кәбілді-өткізгіш пен алюминий созбасын шығарып келеді. Зауыт заманауи өндірістік-технологиялық жабдықтармен қамтылған.

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Кабель-өткізгіш өнімінің сапасын арттыру мақсатында кәсіпорын басшылығы 2012 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында 630/61К айналдыру машинасын, ал 2013 жылы инвестициялық құны 128,7 млн. теңгені құрайтын DT-2240 айналдыру машинасын сатып алады.

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

2014 жылы зауыт екі жаңа жабдықпен: ММН101 және D631 жаңартылды. Кәсіпорынды модернизациялауда, техникалық жабдықтауда зауыт басшылығы мемлекет ұсынып отырған қолдау  шараларын пайдалану арқылы 5000-нан астам түрлі өнімдер шығарып, өндіріс көлемін 2 еселеді.

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Бұл аталған зауыттар Павлодар облысындағы машинақұрастыру зауыттарынан ғана ақпарат береді. Ал жалпы, облыста 1000 өнеркәсіп кәсіпорыны жұмыс істейді, соның ішінде 15 жүйе құраушы кәсіпорын барлық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 70%-дан астамын қамтиды. (“Богатырь Көмір” ЖШС (көмір өндіру), “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ (көмір өндіру, электр-жылу энергиясы), «Казхром» ТҰК» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты (ферроқорытпа өндірісі), “Қазақстан алюминийі” АҚ (глинозем, электр энергиясын шығару), “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ (өңделмеген алюминий өндіру), “KSP Steel” ЖШС ПФ (жіксіз құбырлар және болат өндіру), “Кастинг” ЖШС ПФ (болат шығару), “Павлодар мұнай-химия зауыты” ЖШС (мұнай өнімдерін, минералдық шикізат өндіру, машина және өзге де құралдар, бумен және сумен жабдықтау), «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ (электр энергиясын өндіру).

Ертіс өңірін индустриялық-инновациялық дамытудағы жастардың рөлі

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында осы кәсіпорындардың басым болуы өңір экспортының ресурстық-шикізаттық бағытталуына негізделген.

Ертіс-Баян өңірінің зауыт-фабрикалардағы жастары аймақтағы өнеркәсіптің қарыштап дамуына орасан зор үлес қосып келеді. Олар зауытпен шектеліп қалған жоқ, сондай-ақ әртүрлі инновациялық форумдарға белсенді қатысып, көрші Ресеймен өзара тәжірибе алмасуда да едәуір жұмыстар атқарып жатыр.


Материалды әзірлеген - Қаламқас НҰРМАҚОВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға