Ертіс өзеніне 7 жасар бала құлап кетті
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
22.04.2023 14:50
1383
Қайғылы оқиға 21 сәуірде Семейде болған. Сағат 19.56-да 112 пультіне аквапарк маңында баланың суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жіберілген.
Куәгерлердің айтуынша, өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылы туған баланың суға құлап, жоғалып кеткені белгілі болды. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталған. Баланың денесі бүгін сағат 9:45-те табылды. Оны оқиға орнынан 15 шақырым жерден өтіп бара жатқандар Ертіс жағасынан тауып алған, – деп мәлімдеді Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада кейбір көшелер уақытша жабылады