Жаңалықтар

Ертең қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман болады - Қазгидромет

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ертең қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман болады - Қазгидромет
Фото: azh.kz 22.10.2022 20:25 13824

Елімізде қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр, деп хабарлайды El.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде 23 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жезқазғанда 23 қазанда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыс орталығында күші 15-20 м/с сақталады.

23 қазанда түнде Ақмола облысының солтүстігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Түнде облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с-ке жетеді, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Көкшетауда 23 қазанда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

23 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Ақтөбеде 23 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Семейде 23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Өскеменде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Оралда да 23 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

23 қазанда таңертен және күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, Алакөл көлдері аумағында желдің күші 17-22, екпіні 29 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде 23 қазанда түнде көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде аймақтың басым бөлігінде, ал күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Павлодарда 23 қазанда батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде және таңертең екпіні 23 м/с болады.

Астанада 23 қазанда күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға