Ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды
1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады
Фото: qarmaqshy-tany.kz
Фото: qarmaqshy-tany.kz
05.12.2022 21:29
1495
6 желтоқсанда қала мектептерінің бірінші ауысымның оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана қалалық білім басқармасының Instagram парақшасына сілтеме жасап.
«2022 жылдың 6 желтоқсаны күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін де елордадық бастауыш сыныптің бірінші және екінші аусым оқушылары қатты аязға байлвнысты қашықтан оқыды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды