Жаңалықтар

Ертең боран соғып, көктайғақ болады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлім етті
Ертең боран соғып, көктайғақ болады
Фото: gov.kz 18.11.2022 18:34 5899

19 қарашада боран, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

19 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қаласында күндіз 19 қарашада батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.

19 қарашада Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығына тұман түседі.

19 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қаласында 19 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

19 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

19 қарашада түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Актөбе қаласында 19 қарашада кей уақытта көктайғақ болады.

19 қарашада түнде Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 19 қарашада түнде кей уақытта тұман түседі. Түркістан қаласында 19 қарашада түнде кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Күндіз 19 қарашада Павлодар облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

19 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Тараз қаласында 19 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

19 қарашада Қостанай облысының солтүстік жартысында қар, бұрқасын болатыны болжанады. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға