Ертең бірнеше өңірде мектеп оқушылары мен студенттер онлайн оқиды
Мұндай шешім ауа райына байланысты қабылданды
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz
09.01.2023 20:29
1814
10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады.
Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды.
Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 13 наурызда ауа райы қандай болады