Ертедегі Ұлы көш!
Ең алғашқы көштің бір тармағы Синай тауынан аса, Орта Шығыспен Орта Азияға жеткен екен. Азияның өзге тұсына жəне Еуропаға талайдан кейін тарапты. Олар мұз басқанда артына шегініп, мұз ерігенде тағы да ілгерілеп, ұзаққа созылған жапалы барысты басынан өткерген көрінеді. Мына карта (Бұл карта http://www.sina.com. сайтының 2008 жылғы бетінен) сол көштің маршрутын жəне көшушілердің V хромосомалық дəлелдерін көрсетіп тұр.
Ендеше бəріміздің де алғашқы ата-бабаларымыз қара болған. Ол қаралық талайға шейін жалғасқан. Ата-бабаларымыздың бір бөлігі сол қара бетінше батыстағы еуропаға, шығыстағы Америкаға шейін жеткен. Азықты аңшылықпен аушылықтан табудан біртіндеп дақылдарды жеуге өткен оларда D витаминнің кеміс бола бастағаны сөзсіз. Мұндайда адам терісі күн нұры арқылы өздігінен ол витаминді синтездеу үшін ашық түске енуге мəжбүр. Қаратеріде бұл қабілет əлсіз болады. Ауа райының суықтығы мен жоғары ендік бұлашықтануды шапшаңдатады.
Сары өзеннің (Хуаңхының) солтүстігі, Орта Азия жəне Еуропа тұрғындарының ақ нəсілге өзгеруі осылай басталған екен. Сонымен, бертін келе, Ұлы Даладағы ата- бабаларымыз бүгінгі еуропадағылардай ақ болған.
Əлгі ұлы көштің бір тармағы - Үнді мен Тынық мұхиттарды жағалап Чаңжяңның оңтүстігіне жеткен қаралар ғасырлар өте сарыға айналған жəне тез өсіп-өнген. Сосын олардың солтүстікке қарай біртіндеп таралуы басталған. Олардың бертінірекке жеткенде біздің ата-бабаларымызға келіп қосылуы бүгінгі Ұлы Далалықтарды “еуразиялық” (ақ пен сары нəсілділердің араласпасы) етіп отыр. Яғни Ұлы Даланың алғашқы тұрғындары ақ нəсілді-еуропалық фенотипті болғанымен, кейін келген шығыс-оңтүстік сарынəсілділердің санының артуына байланысты, Мирзадинов айтқандай, бірте-бірте өздеріне тəн ерекшеліктерін əлсіреткен. Алайда ол ерекшеліктерден мүлде арылып та кетпеген. Ұлы Даланың бүгінгі тұрғындарының (соның ішінде қазақтардың) қазіргі кейпі бұған дəлел. Бұлардан сіз бұйра не жиреншашты, шүңірек көк не шегір көзді,... ер-əйелдерді жиі кезіктіресіз. Демек ұлыдаланың бүгінгі тұрғындарының түп-тұқиянының сонау ертедегі Ұлы Далалықақтар екеніне сене беріңіз.
Иə, ол кездегі табиғат, экологиялық орта басқаша ғой... Таулардағы мұзарттар бүгінгіден кең де қалың,... Такламакан мен Құбыда (Жоңғарда) көлдер бар, Ебінор, Алакөл, Балқаштар тұтасқан, Каспий мен Арал да, Каспиймен Қара теңіз де жалғасулы (Сондықтан да Еуропаға өтер ең ыңғайлы жол - Аму мен Сырдан қазақ Сарыарқасы арқылы Каспий солтүстігімен жүру) деп елестете түсіңіз.
Уаң Жылай айтқандай: “Б. з. б. VII ғасырдан бұрын, дүниенің ең ерте өркениет орталықтарының бəрі де шығыста болған. Мысалы, Қытайдағы Хуаңхы бойында, Үндінің Ганг дариясы мен Орта Азиядағы Амудария өзендері бойында, Батыс Азиядағы Қосөзен жағасында, Мысырдағы Ніл атырабы, т. б. ларда”. Біз сөйлеп отырған Ұлы Дала осы Амуды, Тұранды кіндік еткен. Үйсін ұлысы соның шығыс-солтүстік қасында ғана болды!