Жаңалықтар

Ертең астаналық емханаларда ашық есік күні өтеді

Акция түскі сағат 13-ке дейін жалғасады.
14.12.2016 04:02 3439

Ертең, 3 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Денсаулық» акциясы ұйымдастырылады. Таңғы сағат 9-дан қаланың барлық емханаларында халық үшін ашық есік күні басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ертең астаналық емханаларда ашық есік күні өтеді

Бұл күні қала тұрғындары кардиолог, невропатолог, эндокринолог, гинеколог, онколог мамандардың кеңесіне жүгіне алады. Сондай-ақ, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылады.

«Елорда емханаларында мұндай акциялар тұрақты негізде өткізіліп тұрады, мысалы, қан айналымы жүйесі ауруларының, инсульттың, бронхиалды астманың, онкологиялық аурулардың, соның ішінде сүт бездерінің қатерлі ісігінің, туберкулездің, қант диабетінің және өзге аурулардың алдын алу бойынша. Барлық акциялардың негізгі мақсаты – қоғамның назарын аурулардың өршуінен туындайтын өзекті мәселелерге аудару; ауыру қаупі жоғары топтарды медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығы туралы ақпараттандыру, және қазақстандықтардың өз денсаулықтары үшін ынтымақты жауапкершілігін арттыру», - деп атап көрсетті Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева.

Шараның ұйымдастырушысы – Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы. Акция түскі 13-ке дейін жалғасады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттердің іске асырылуы денсаулық сақтау саласын дамытуға жаңа серпіліс әкелді. Ұлт Көшбасшысының жүйелі негізде атқарып келе жатқан қажырлы еңбегі нәтижесінде Қазақстан дамудың даңғылына түсіп, саяси, экономикалық және әлеуметтік сала, соның ішінде денсаулық сақтау саласы да жаңғыртылып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға