Жаңалықтар

Ертең Қазақстан құрамасы Олимпиадаға аттанады

Ертең Қазақстан құрамасы Олимпиадаға аттанады
26.01.2022 16:50 1633

Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңдегі қысқы ойындарға 27 қаңтар күні ұшып кетеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазіргі таңда Олимпиада алдындағы соңғы күндерді дұрыс ұйымдастыру аса маңызды. Қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті мен Халықаралық олимпиада комитеті ойынға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін қатал шаралар қолдануда, 

Спортшыларға күнделікті жүріс-тұрысын енгізіп отыратын «плейбук» шығарылды. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады. Ал шетелдерде жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге барады. 

Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Жалпы еседі 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға