Жаңалықтар

Ернар Айдар марқұм әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады

Ернар Айдар марқұм әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Фото: видеодан алынған кадр 29.01.2025 12:16 352

Танымал әнші Ернар Айдар желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жантебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаным әке... Барлық жұмысымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кешімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлейтін сөздерімнің артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді. "Ерошым балам, көзіңе қара, асып-тасыма, тәкәппарланба, сахнада жақсылап, жарқырап өнер көрсет" дейтін. Әке, маған осы сөздерді енді кім айтады? Кіммен сырласам, кіммен ақылдасам, кімге еркелеймін, кімге бала болып мақтанам, кімге? Қапыда ерте кеттіңіз-ау. Әкешім, сағындым сізді. Алланың бұйрығын қабылдайды екенсің, көнеді екенсің, бірақ өте қиын екен.., - деп сағыншын жеткізді Ернар Айдар Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы әсерлі жазбасында марқұм әкесіне өлең жолдарын да арнап, анасының, жақындарының, барша халықтың амандығын тілеген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға