Ермұрат Бәпи Парламент палаталарының бірлескен отырысына балдақпен келді

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
01.09.2023 10:56
1782
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Парламент палаталарының бірлескен отырысына балдақ сүйеніп келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, мәжілісмен каникулға шыққан соң ертеңіне-ақ құлап, аяғын шығарып алғанын жазғанбыз. Сол үшін ол өңірлерге сапарын да кейінге қалдырған болатын.
Тілшілер депутаттан демалысты қалай өткізгенін және жаңа маусымда қандай бастамалар көтеретінін сұрады:
Жаз бойы жаттым, үйде болдым, осыны да (балдақты нұсқап - редакция) көрейік дедік. Сессия енді басталады, төрт қабырғаға қарап жатып, біраз ой түйдік, - деді ол.
Бөлісу:
