Ермек Тұрсыновтың "Кенжесі" көрерменге жол тартпақ
Екі жылға жуық уақыт түсірілген Ермек Тұрсыновтың "Кенже" атты фильмі жуырда көрерменге жол тартады!
Ермек Тұрсыновтың "Кенже" драмасы Алматыда көрсетіледі. Фильмнің алдын-ала көрсетілімі "Олег Борецкийдің киноклубы" аясында 29 қаңтар күні, "Цезарь" кинотеатрында сағат 19:00-де өтеді.
"Кенже" - Ермек Тұрсыновтың трилогиясының соңғы фильмі. Бұған дейін "Келін", "Шал" картиналары шыққан болатын.
"Кенже" фильмінің сюжетінде жетім өскен екі ағайынды туралы баяндалады. Ауылдағы балалар үйінен қалаға қашып кеткен олар, кісі өлтіруге тапсырыс алып күн көре бастайды.
Фильмнің үлкен прокатқа қашан шығатыны әзірге нақты хабарланған жоқ.
Қысқаша фильм туралы айтсақ...
Ағайынды жігіттердің үлкені көшбасшы, екіншісі қой аузына шөп алмас момын. Әке-шешесі жоқ. Үлкені 12-де, кішісі 9-да. Алыстағы бір ауылда тұрады. Екеуін әкесінің бауыры, яғни ағалары тәрбиелейді. Күндердің күнінде ағалары туған баласының қолына басқа жаққа кететін болады. Екі баланы интернатқа өткізуді жоспарлайды.
Мұны естіген ағайынды екеу басқа қалаға қашып кетеді. Басқа қала, қорғаушысы, асыраушысы жоқ бозбалалар үлкен қиындықты басынан өткереді.
Уақыт өтеді. Екеуі ер жетіп қана қоймай, кішісі кәсіби киллер, үлкені соның проумоутері болады. Жалданып кісі өлтіреді. Кәсіптері оңға басып, уақыт өткен сайын пайдаға кенеледі.
Кенжесі тағы бір кісі өлтіру кезінде үлкен қиындыққа тап болады. Соңынан із кесіп, қарсыластары үлкен ағасын қолға түсіреді. Үлкен ағасын қинап, кіші інісін сатып кетуіне ықпал жасайды. Содан бастап ағайынды екі жігіттің жолы қаққа жарылады. Бір-біріне қарсы соғыс ашады.
Бұл туралы фильмнің режиссері Ермек Тұрсынов: «Кенже» – менің трилогиямның ең соңғы бөлімі. Жанры нақты былай деп айта алмаймын. Нақты бір жанр шеңберінде қалып қойғым келмеді. Нәтижесі қалай, оны басқалар айта жатар. Атыс та, шабыс та, ғимараттардан секіру, акробатикалық қимылдар... Бәрі де бар. Бірақ, бұл фильмнің қаңқасы ғана. Ішінде талай дүниелерді айтуға, жеткізуге тырыстық», – дейді.
Фильмнің түсірілімі барысында 16 елден арнайы мамандар шақырылған.
Түсірілімнің 15 күні Тайланд пен Испанияда өткен. Жоба продюсері Александр Вовнянконың айтуынша, түсіру тобында Венгрияның, Ресейдің, АҚШ-тың мамандары жұмыс істеген. Трюктарды Жайдарбек Күнғожинов бастаған "Номад" командасы орындады.
Фильмде басты рөлдерде Жандос Айбасов, Айнұр Ниязова және ресейлік актерлер – Ольга Зайцева, Михаил Хмуров, Эдуард Ондар ойнайды. Фильмде екінші режиссер міндетін болгариялық Красимир Хазарбассановатқарған, операторы - ресейлік Сергей Козлов.
Әзірлеген – Досжан Мейірбек.
Фотолар forbes.kz сайтынан алынды.