Ермек Маржықпаев Қытайдың туризм министрін Көшпенділер ойынын тамашалауға шақырды

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайдың Мәдениет және туризм министрі Сунь Ельді Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті Сунь Ель мырза, Астанада 8-15 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Біз ойынға 100 мың турист келеді деп күтеміз. Бүгінде 90 мемлекет ойынға келетінін нақтылады. 2500-ден астам спортшы қатысады. Қытай Халық Республикасының спортшылары да бойы көрсетеді деп ойлаймыз. Сонымен қатар сізді бұл шараның ашылу салтанатына қатысуға шақырамыз, - деді Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, Астанада ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайдың Мәдениет және туризм министрі Сунь Ельмен кездесіп, елдің туризм мәселесіне қатысты меморандумды талқылады.
