Жаңалықтар

Ермек Маржықпаев өзінің отставкасына қатысты мәлімдеме жасады

Ермек Маржықпаев өзінің отставкасына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/ermek_marzhyqpaev 31.08.2024 18:35 3051

Бұрынғы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өзінің отставкаға кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ҚР туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды.

Президент пен Үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін.

Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін, - деп жазды экс-министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға