Ермек Маржықпаев министр лауазымынан босатылды
![Ермек Маржықпаев министр лауазымынан босатылды Ермек Маржықпаев министр лауазымынан босатылды](/storage/storage/element/2024/08/31/mainphoto/119176/1200xauto_mQwKdtu0V1NUjJeM7RLE7XPunjguKVTQUoDVrnce.jpg)
Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, - делінген Ақорданың мәліметінде.
Еңбек жолы:
1991-1992 жж. – орта мектепте ұстаздықтан бастаған.
1992-1995 жж. – «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры.
1995-2008 жж. – «Береке-Бурабай» ЖШС-ның директоры
2008 жылдың сәуірі– 2012 жылдың сәуірі – Аршалы ауданының әкімі.
2012 жылдың сәуірі – 2013 жылдың қыркүйегі – Зеренді ауданының әкімі.
2013 жылдың кыркүйегі – 2019 жылдың наурызы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары
2019 жылдың 19 наурызынан – Ақмола облысының әкімі, 2019 жылғы 17 маусымда осы лауазымға қайта тағайындалды.
2023 жылғы 2 қыркүйекте туризм және спорт министрі болып тағайындалды.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)