Ерлікке тағзым
09.05.2018 02:23
1904
9 мамыр күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының «Жаңғыру жолы» жастар шатабы мүшелері «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясына атсалысты.
Аталмыш акция аясында жастар, Шығыс Қазақстан облысының тумасы, Ұлы Отан соғысының батыры, қазақтан шыққан партизан Қасым Қайсенов пен Совет одағының батыры, Татар халқының көрнекті ақыны Муса Джалильдың мүсіндеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Акцияның негізгі мақсаты киелі мұралар ескерткіштерін сақтау және дәріптеу, қоғамдық маңызы бар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жастардың қатысуын қамтамасыз ететін жалпы мәдени және рухани құндылықтар негізінде қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді нығайту.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Соғыс жырлары: Соғыстан қайтқан солдаттар
Келесі жаңалық
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді