Ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым

2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9% екі тілді, 28,6% – үш тілді меңгерген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросы жүргізген санақ қорытындысы бойынша 1,7% халық төрт тілде сөйлейді, ал бес тілді халықтың 0,2% біледі. Алты тілді білетін полиглоттардың үлесі 0,1% немесе 8 845 адамды құрады.
Ерлерге (47,9%) қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің (52,1%) үлесі басым. Бірақ 6 және одан да көп тілді білетін ерлер үлесі, керісінше әйелдердің үлесінен асып түседі – 55,6%.
Бес және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында тұрады. 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6% – еркін сөйлейді. Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп.
