Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер – азаттығымызды айшықтайтын басты нышан

Мемлекеттік рәміздер – азаттығымызды айшықтайтын басты нышан
15.04.2022 16:54 4413

Елордамызда мемлекеттік рәміздер және геральдикасы жөнінде комиссия отырысы өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев: «Соңғы кездегі әлемдегі күрделі геосаяси жағдайлар әсіресе кешегі қасыретті қаңтар оқиғасы патриоттық сезімді одан әрі дамытып, жастарымыздың бойына отансүйгіштікті мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін сіңіру қажет екенін көрсетті», -деді комиссия отырысында.

Дәурен мырза мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған республикалық іс-шаралардың бағыттарын атап өтті.

- «Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған бірегей логотип әзірленіп, өңірлерге үлгісі жолданды».

-«Мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге арналған ақпарат- имидждік бейне-роликтер, мерекелік монеталар, елтаңба белгішелері әзірленетін болады».

- Республика бойынша180-нен астам іс-шара өтетін болады;

-        4 маусым күні бүкіл республика бойынша Елорда уақытымын сағат 10:00 Мемлекеттік Гимн орындалады.

-        «Жаңа Қазақстанның жаңа толқыны» атты патриоттық флешмоб;

-        Балалар мен жасөспірімдерге арналған сайыс байқаулар өтеді.

Мемлекеттік рәміздерді 4 маусым күнімен шектеліп қалмай, жыл бойы насихаттап ұлықталуын қамтамасыз етілу керек деді,- комиссия отырысында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға