Жаңалықтар

Ерлан Қарин «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайына қатысты

Ерлан Қарин «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайына қатысты
Фото: Ақорда 28.02.2025 21:06 287

Мемлекеттік кеңесші Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекекеттік кеңесші құрылтай қатысушыларына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Ерлан Қарин маңызды жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру арқылы қазақ тілін барынша насихаттаудың және оның қолданыс аясын кеңейтудің маңызы зор екенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, қазір қазақ тіліндегі цифрлық контенттерді көбейтуге, білім беру жүйесін әдістемелік тұрғыдан қолдауға және ІТ саласындағы жетістіктерді тіл мәселесін шешу үшін тиімді пайдалануға айрықша мән беріліп жатыр.

Құрылтай делегаттары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 2023-2024 жылдары атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы кезеңнің басым бағыттарын айқындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға