Жаңалықтар

Ерлан Қарин ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі өкілімен кездесті

Тараптар қазіргі және келешектегі ынтымақтастық мәселелерін, ұлтаралық келісімді нығайту жайын талқылады
Ерлан Қарин ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі өкілімен кездесті
Фото: Ақорда 13.09.2022 14:17 898

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі Жоғары комиссарымен кездесті, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ерлан Қарин Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға келген ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі Жоғары комиссары Қайрат Әбдірахмановпен кездесті.

Тараптар қазіргі және келешектегі ынтымақтастық мәселелерін, ұлтаралық келісімді нығайту жайын талқылады. 

Кездесуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы да сөз болды. Мемлекеттік кеңесші Жаңа Әділетті Қазақстан құру жолында атқарылып жатқан саяси бағдарламалар туралы мәлімет берді. 

Өз кезегінде, Қайрат Әбдірахманов полиэтникалық Қазақстанның халықтар бірлігін нығайтудағы және бірегей интеграциялық саясат жүргізудегі құнды тәжірибесін атап өтіп, өзі басшылық жасайтын ұйымның біздің елімізбен гуманитарлық бағыттағы байланысын кеңейтуге дайын екенін жеткізді. 

Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық жағдайындағы диалогты жалғастыра беруге уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға