Еркін Тұқымов: Ауғанстан халқы аштықтан зардап шегіп отыр
Бұл туралы Орталық Азия елдерінің конференциясында айтты
Бірінші пленарлық отырысты ашқан ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы бірқатар мәселелерге тоқталды, – деп хабарлайды El.kz.
– Орталық Азия елдері үшін геосаяси және геоэкономикалық сын-қатерлер аса өзекті. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде елдер арасында ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге және әріптестіктің жаңа жолдарын іздестіруге негізделген сенім мен өзара сыйластық атмосферасы қалыптасты. Қазіргі таңда Халықаралық терроризм қауіп-қатері, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері кейінге қалдыруға болмайтындай маңызға ие, – деді Еркін Тұқымов.
Президент жанындағы ҚСЗИ директорының айтуынша, қазіргі уақытта Ауғанстандағы жағдай өте тұрақсыз. Елде гуманитарлық апат, экономикалық проблемалар орын алған.
– Ауғанстанда 19,7 миллион адам, халықтың жартысына жуығы аштықтан зардап шегіп отыр. БҰҰ дерегінше, бұл дағдарыстан шығу үшін шамамен 4,4 миллиард доллар қажет, – Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов
