Еркін күрестен қазақстандық спортшы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
06.08.2023 06:25
1685
Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен Едіге Қасымбек (110 келі) күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, қазақстандық балуандар әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
Сондай-ақ ел құрамасынан Нұрмұхамед Тұрдалы (45 келі), Нұрдәулет Сейілбеков (71 келі) және Самир Дурсунов (92 келі) жұбаныш белдесулерінде бағын сынайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда қонақүйден өрт шықты
Келесі жаңалық
Баласы үшін 100-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды