Жаңалықтар

Еркін күрестен Азия чемпионаты: үш қазақстандық балуан жартылай финалға шықты

Еркін күрестен Азия чемпионаты: үш қазақстандық балуан жартылай финалға шықты
Фото: UWW 30.03.2025 15:44 648

Амман (Иордания) қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының соңғы күні басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы медаль жиынтығы еркін күрес жарыстарында сарапқа салынады.

Ширек финал қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі келесі кезеңге өтті.

74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов моңғолиялық Батбаяр Батсухтан басым түсті.

86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев тағы бір моңғолиялық балуан Батбилгуун Наадамбатты жеңді.

92 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков қытайлық Цзушэнь Линьді тізе бүктірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға