Еркін күрестен Азия біріншілігі: Азамат Дәулетбеков үшінші орын алды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
30.03.2025 23:08
492
Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық балуан 92 келіге дейінгі салмақта Шерзод Пойоновпен өзара мықтыны анықтады. Қола медаль үшін болған белдесуде Азамат Дәулетбеков 1:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бес медальмен аяқтады.
Бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматы әкімі президентке әр екі апта сайын есеп беріп отырады
Келесі жаңалық
Атыраудағы Индер ауданында 30 шақырым бөгет нығайтылды