Жаңалықтар

Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК 23.08.2024 22:10 384

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі шарықтау шегіне жақын. Бүгін еркін күрес шеберлері жарысты бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

65 келі салмақта Бақдәулет Әкімжан жартылай финалға өтті. Ол финал жолдамасы үшін таласта қырғызстандық Рустамжан Қахаровпен кездеседі. 

110 келі салмақта Едіге Қасымбек те жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы - ирандық Аболфазл Мохаммад Нежат. 

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында 4 жүлде бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға