Жаңалықтар

"Еркектердің 99 пайызы белсіз". Уролог ер адамдардың әлсіз тұсын атады

"Еркектердің  99 пайызы белсіз". Уролог ер адамдардың әлсіз тұсын атады
Фото: © El.kz 01.02.2024 17:45 1847

Уролог, андролог Еркебұлан Гулманов "Ozgerec" подкастында ер адамдардың негізгі проблемаларын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, энергетикалық сусындар мен фаст-фуд өнімдері, спортпен айналыспау ер адамдардың жағдайына қауіп тудырып отыр.

Егер спермограмма талдауының 1990 жылдардағы нормативтік көрсеткіші мен ең соңғы 2010 жылдың нәтижесін салыстыратын болсақ, бәрі құлайды. Ал соңғы 2 жылдағы ұрық сапасын салыстыратын болсақ, онда іс жүзінде 99 пайыз қазіргі ер адам белсіз болып саналады. Себебі, жылдан жылға ұрықтың көлемі төмендеп жатыр, мысалы 90 жылдарда норма бойынша 1 миллилитр шәуеттің ішінде 200 миллионға жуық ұрық болуы керек болса, қазір 15 миллион болса жеткілікті саналады. Қараңыз, қанша пайыз төмендеп кеткен, - дейді дәрігер.

Сондай-ақ ер адамдардың денсаулығына қатысты деректерді айтты.

Әрине, бұл жүктіліктің болмай жатыр дегені емес, болып жатыр, бірақ менің айтқым келіп отырғаны, еркектің денсаулығы төмендеп жатыр. Сәйкесінше, ер адамдардың белсіздігі көбейіп жатыр. Жағдай осындай динамикада жоғарылай беретін болса, яғни ер адам тамағына, физикалық белсенділігіне, сыртқы келбетіне, жалпы өміріне қарамай кететін болса, ақыр соңы белсіз болады, - дейді уролог.

Айта кетейік, тестостерон – ер адамның ағзасындағы маңызды гормондардың бірі. Гормон аталық безде және бүйрек үсті безінің қыртысында түзіледі. Бұл гормонның ең маңызды артықшылығы ер адам бойына күш беріп, сенімділік ұяталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға