Ерке Есмаханның бірінші некедегі баласын сахнаға алып шыққан Раим жұртты сүйсінтті
Фото: видеодан алынған кадр/erke_esmahan
Фото: видеодан алынған кадр/erke_esmahan
04.11.2024 14:00
15195
Алматыда концерт берген Raim лақап атымен танымал Райымбек Бақтыгерев бір әрекетімен елдің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол жұбайы Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған ұлы Мүслімді сахнаға алып шықты.
«Біздің үлкен ұл - Мүслім. Қошемет көрсетіңіздер», - деп таныстырды Раим кеш барысында.
«Әкесінің көмекшісі, жарайсың», «Бірінші некеден болса да, туған баласындай қарайды, нағыз азамат!», «Өзгенің баласы түгіл өз баласын да бақпай жүргендер бар» - деп жазды көпшілік.
Әншінің жұбай Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасына күйеуі мен баларының суретін салып, «Екі ұлы сәттілік тілеп тұр. Аллаға сансыз шүкір», - деп жазды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға