Жаңалықтар

Ерке Есмаханға күйеуі 12 миллион теңгенің сөмкесін сыйлады

Ерке Есмаханға күйеуі 12 миллион теңгенің сөмкесін сыйлады
Фото: instagram.com/erke_esmahan 07.03.2024 10:43 50256

Танымал әнші Ерке Есмахан өзіне арнап тігілген қымбат сөмке сыйлыққа алғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан 10 жыл бұрын, қомақты табыс тауып бастағанда, дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламадым. Ауылдан шықтым, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келдім. Керемет орталарды көріп, көп нәрсені түсіне бастадым. Бала күнімнен сәнге жақынмын. Аңыз сөмкені қатты армандадым. Міне, күйеуімнің арқасында орындалды, – дейді ол.

Өнер иесі тапсырысын 2 ай күткенін жасырмады.

Әрине, әңгіме сәнді киінуде емес. Ең маңыздысы – деннің саулығы. Бірақ әр әйелдің ішкі сезімін рахатқа бөлеп, өмірін әдемі ететін дүниелер бар. Оған ұмтылудың еш айыбы жоқ. Өзімнің арманым, әрі күйеуімнің қолдауының арқасында армандаған сөмкені алдым. Бағасы – 12 миллион теңге. Тапсырыс беріп, екі ай күттім. Арнайы мен үшін ғана тігілген. Көлемі – 25 сантиметр. Осы жылдың тренд түсі, – деп жазды әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға