Ерке Есмахан Жаңа жыл қарсаңында отбасылық суретін жариялады

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan
27.12.2023 09:52
8743
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тыңдарманына арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында отбасылық суреттерін салып, жаңа жылға тілегін жеткізген.
2023 жылдың қаңтары шаңырақ көтеруімізден басталып еді. Міне, 2023 жылдың желтоқсаны кішкентай періштемізді қолымызға ұстап, 1 айға толған мерекесін тойлаумен аяқталып жатыр. Аллаға сансыз шүкір!
Төртеу түгел болып, бұдан да көбейіп, жылдан-жылға аман-есен жете берейік!Баршаңызға тек бақыт тілейміз. Барлық арманыңыз орындалсын! 2024 жыл тәтті, сәтті жыл болсын! – делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
