Жаңалықтар

Еріктілерге жұмысқа орналасу кезінде жеңілдіктер қарастырылады

Елімізде 200 мыңдай волонтер бар.
Еріктілерге жұмысқа орналасу кезінде жеңілдіктер қарастырылады
Фото: El.kz/ Чурсинов Артем 11.08.2022 17:00 1121

2019 жылы «Жастар жылы» аясында еріктілерге 30 пайыздық үстемақы төлеу мәселесі көтеріліп, арнайы еріктілер портал құрылған. Қазіргі таңда 40 мыңнан астам студент осы сайтқа ресми түрде тіркелген. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингте айтылды, деп хабарлайды El.kz.

Осы сайтқа тіркелгендер үстемақыға өздерінің өтінішін бере алады. Елімізде тұрақты түрде волонтерлікпен айналысатындардың саны 50 мыңға жеткен. Олардың басым көпшілігі өздерінің топтарымен жұмыс істейді. Мәселен, пандемия кезінде 1 миллионға жуық адам волонтерлік қызмет көрсеткен.

Баспасөз мәслихатында волонтерлерді мемлекеттік деңгейде көтермелеу үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік наградалар беру қарастырылғаны айтылды. Сонымен қатар волонтерлік қызмет жұмысқа орналасу кезінде ескерілетін болады.

Тағы бір артықшылығы, волонтерлік ұйымдарға жеңілдетілген шартпен мемлекеттік мүлік беріледі. Бұл ерікті жастар үшін үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді деген сөз.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға