Жаңалықтар

Еріктілердің 23 пайызы әлеуметтік жұмыспен айналысады – Тамара Дүйсенова

Еріктілердің 23 пайызы әлеуметтік жұмыспен айналысады – Тамара Дүйсенова
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 21.06.2023 12:33 1523

Халықаралық волонтерлар форумында сөз сөйлеген премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова еріктілердің 23 пайызы әлеуметтік жұмыспен айналысатынын және 70 пайызы көмек қолын созуға дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Вице-министр бұл бағытта қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол елімізде 700  мыңдай мүгедектігі бар адам барын және оның 43 пайызы ауылдық жерде өмір сүріп жатқанын айтты. 

Ауылдық жерде тұратын адамдар үшін барлық қызметтер қолжетімді емес. Осыған орай біз «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Вера Киммен келісіп, форумнан кейін аталған бағытта үлкен бір жұмысты бастағалы отырмыз. Бүгінде 200 үкіметтік емес ұйымдар өздері көмек көрсетуде. Бұл өз кезегінде белгілі бір көрсетілетін қызметті әріқарай дамытуға мүмкіндік береді, – деді Тамара Дүйсенова. 

Сондай-ақ, ол волонтерлармен қазіргі таңда әлеуметтік көмек көрсету бағытында бірлесіп жұмыс атқарып жатқанын тілге тиек етті. Яғни, олар қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға қолдау көрсетіп жатыр деп айтты.

Мысалы науқас балаларға театрлық қойылымдар қойып, онымен айналысып қана қоймай, жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылармен өзіндік байланысуға оларға мүмкіндік беру. Мұң-мұқтажын анықтау арқылы не нәрсеге зәру екенін білу өте маңызды. Біз осы жылы отбасының цифрлық картасын іске қостық. Аталмыш жүйе қай жерде қандай проблемалар барын көрсетеді, - деді вице-премьер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға