Жаңалықтар

«Ерікті ісі – қайырымдылықтың бір қанаты»

«Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының мүшесі Жадыра Айымбетованың игі істері
«Ерікті ісі – қайырымдылықтың бір қанаты»
13.05.2020 13:31 10682

2020 жыл – Еріктілер жылы. Басты мақсат – жастарды және ел азаматтарын ерікті қызметіне тарта отырып, белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға үгіттеу.

Өткен жылдың мамыр айында Қостанай қаласында ұйымдастырылған Қазақстан – Ресей жастарының форумы аясында «Ұлттық еріктілер желісінің» төрайымы Вера Ким 2020 жылды Еріктілер жылына арнауды ұсынған еді. Ел Президенті Қ.Тоқаев ол ұсынысты қолдап, былай деген еді: «ҚP Пpeзидeнтi peтiндe мeн әpқaшaн вoлoнтepлapдың қoзғaлысын қoлдaйтынымды жeткiзeмiн. Сoндықтaн Сiздepдiң кeлeсi жылды Вoлoнтepлap қoзғaлысының жылы дeп жapиялay тypaлы ұсыныстapыңызды тoлығымeн қoлдaймын. Epiктiлep – жaны тaзa aдaмдap. Oлap – eлдiң шынaйы пaтpиoты, сoл үшiн дe құpмeтiм шeксiз. Бeлсeндi aзaмaттық ұстaнымдapыңыз мeмлeкeттiң дaмyынa aйтapлықтaй сeптiгiн тигiзeтiнi сөзсiз».

Көп өтпей-ақ, осы жыл Еріктілер жылы деп ресми жарияланған еді. Соған орай, қажетті шаралар қабылдауды тапсырып, арнайы қаулыға қол қойды. Осыдан төрт жыл бұрын желтоқсан айының 22 жұлдызында өткен Сенат отырысында «Еріктілер қызметі туралы» Заң қабылданған болатын. Онда еріктілердің қызметі былайша көрсетіледі: жеке тұлғалар, кәсіпорын-компаниялар, әлеуметтік топтарға көмек көрсетіп, қоршаған ортаны қорғап, азаматтық ұстанымды қалыптастыра отырып, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, өзара жәрдем ету және де қоғамда қайырымдылық жасау. Қазіргі кезде республикамыздың жер-жерінде шамамен алғанда екі жүзге жуық еріктілер ұйымы жұмыс жасайды.

8269f0c3-99f0-42bc-a8fa-3e564d588b96.jpg

Сонымен, ерікті дегеніміз кім екен? Жалпы, олардың дүние жүзіндегі және біздің еліміздегі белсенділігін қалай бағалауға болады? Волонтерлықтың әлем бойынша кең таралып, жалпы ғаламдық қозғалыс пен белсенді күшке айналғанын жақсы білеміз. Статистикалық деректерде, жер шарында бір миллиардқа жетеқабыл адам волонтер болып есептеледі екен. Ал біздегі еріктілер саны он алты мыңға жақын. Ел Президенті бұл көрсеткішті аз деп санайды. Оның санын жүз мыңға көтеру үшін көптеген шаруалар атқарылуы керек деп отыр. Яғни, халықтың еріктілерге көзқарасын қалыптастырып, осы игі іске жаппай жұмылдыру керек. Еріктілер еңбегінің әлемдік дамуға тигізер пайдасы көп екен. Мәселен, жаһандық ішкі өнімнің 2,5%-ы еріктілердің төккен тері мен атқарған жұмысының арқасында жеткен нәтижесі. Көптеген мемлекетте волонтер болу қалыпты жағдай сияқты саналады. Және көпшілік оларды ерекше құрметтей біледі. Кейбір деректерде Франция жұртшылығының жартысына жуығы ерікті болғандығы айтылады. Сол сияқты Германия, Жапония секілді дамыған елдерде еріктілер саны жыл өткен сайын артып келеді. Қазақстанда осыдан 6-7 жыл бұрын ерікті сөзі өте сирек қолданылатын. Оның мағынасын ашып, ішіне үңіліп жатқандар да аз еді. Ал бүгінде олар қоғамның бір мүшесіне айналып келе жатыр. Иә, еріктілердің болуы міндетті, ол мемлекетпен бірдей деңгейде дамып отыруы керек. Ол заманның да талабы деуге болады. Жастарды халықпен бірге жұмылдырып отыратын ұйымдар, топтардың көбейюі де маңызды.

679076c3-f3ea-4850-bbcf-2da84e691f75.jpg

Елдегі саны тым аз еріктілер тобының бірі «Жылы жүрек жастардың» қатарында екі жылдан бері көптеген игі шаралар ұйымдастырып, белсенділік танытып жүрген Жадыра Айымбетовамен тілдесіп, еріктіліктің қызығы мен қиындығын сұраған болатынбыз.

– Ерікті деп, аты айтып тұрғандай, қоғамға ешқандай да ақысыз-ақ қызмет ететін адамды айтамыз. Өзімнің ерікті атануыма себеп болған, бала кезден ойыма тоқып, бойыма сіңірген ата-ана тәрбиесі деп білемін. Өйткені, әке-шешеміз «қолыңнан келсе өзгелерге жақсылық жаса» деп жиі айтып отыратын. Оған қоса,  «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген де асыл сөзді ұстанымым еттім. Өзімнің де ішімде «қоғамға қалай пайдамды тигізсем болады, көмекке мұқтаж жандарға қалай жәрдем етсем екен?» деген сұрақтарға жауап іздейтінмін. Сөйтіп жүргенімде, бір күні досым Сағатбек «еріктілер тобын құрғалы жатырмын, қатарымызға қосыл» деген қуанышты хабар айтты. Еш ойланбастан, келісе кеттім. Ол бұл ойымен әлеуметтік парақшада да бөліскен екен. Жүрегі жұмсақ, жәрдем етуге ниетті жандардың көп екенін сол кезде байқадым. Себебі, өте аз уақыттың ішінде еріктілер тобына қосылуға ниет білдіргендердің саны біршама болды, – дейді Жадыра.

Топ құрылған соң, біртіндеп түрлі шаралар ұйымдастыруға көшеді. Жадыра Талғатқызы сол шаралардың ішінде есінде қатты қалған бірлі-екісін былай баяндайды:

– Біздің топтың құрылғанына да екі жыл шамасында уақыт өтіпті. Осы аралықта қырыққа жуық іс-шаралар өткізген екенбіз. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, өзіндік миссиялары бар. Біз барлығына да жанымызды салып дайындық жүргізіп, ойдағыдай өткізу үшін тырысып бақтық. Менің есімде қатты қалған шара «Мерекеңмен, аяулы ана!» деп аталады. 8 наурыз аналар мен қыз-келіншектер мерекесі қарсаңында, қарттар үйіне барып, «мейрамға қандай сыйлық қалайсыз?» деген сұрақ қойып, сауалнама жүргізген болатынбыз. Ойымыз –наурыздың 8-ші жұлдызында сол қалауларын орындау. Сауалнаманың нәтижесін әлеуметтік желілерге салдық. Өзіміз бар, қаламыздың қайырымды тұрғындары бар, қарттар үйіндегі аналарамыз қалаған заттарды қалдырмай алуға тырыстық. Алдымен, еріктілер тамаша концерт қойып, сондағы жандардың көңілін бір сергітіп алдық. Сосын әр қарттың бөлмесіне барып, әкелген сыйлығымызды табыстап, керемет әңгімелерін тыңдап қайттық. Әрине, қартайып, әл-қуаты кеткен ата-әжелерімізді сондай үйлерде көру жаныңа қаяу салады. Олардың да жүректерінде ауыр тас бар екені анық. Біз кішкене болса да, жүздеріне күлкі ұялатып, көңілдерін сергітуді ойладық.

0aad2479-4866-4c70-9e07-312234e5856a.jpg

Жадыра еріктілер қатарына қосылмас бұрын мүмкіндігі шектеулі балалар орталығында жұмыс жасаған. Алғашқы жұмыс орны оны маман ретінде қалыптастырып қана қоймай, жүректе жатқан мейрімділіктің сыртқа шығуына септігін тигізген.

– Мүгедек балалар орталығында музыка-терапевт қызметін атқардым. Оларға түрлі ән айтқызып, би қимылдарын үйреттім. Дидактикалық ойындар жүргіздім. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бұл терапияның тигізер пайдасы орасан. Бұрын-соңды жасай алмаған іс-қимылдарын істеуге, ноталарды танып, ән айтуға жәрдем еттім. Ол жердегі жұмысымды тоқтатқан соң да, балалармен ара-қатынасымызды үзген жоқпыз. Біздің еріктілер тобының «Бүгін сенің мерекең» деп аталатын тұрақты жобасы бар. Сол жобаның негізінде орталықта ем алған балалардың туған күнінде үйіне барып, көңілдерін сергітіп, ойнап, сыйлықтарымызды үлестіреміз. Ертегі кейіпкерлеріндей киінген бізбен шаттанған олар өз туған күндерін асыға күтіп жүретін болады.

 «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының тұрақты жобалары жетерлік. Жадыра олардың барлығының да қоғамға тигізер пайдасы барын айтады.

– Жыл сайын ұйымдастыратын тұрақты жобаларымыз баршылық. Соның бірі, «Мектепке жол» деп аталады. Яғни, тамыз айында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға сөмке мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып береміз. Тағы бір акциямыз «Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан» деген атау алған. Ол Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылады, яғни жолаушыларға ауызашар кезінде құрма мен су таратамыз. «Сиқырлы керуен» деп аталатын бір акциямыз Жаңа жыл қарсаңында өткізіледі. Церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың үйіне Аяз Ата мен Ақшақар және түрлі аниматорлардың киімдерін киіп, сыйлығымызды арқалап, тосын сый жасап барамыз. Ол кездегі балалардың қуанышын сөзбен жеткізе алмаймын. Оны тек бастан өткерген адам ғана жүрегімен сезіне алатын болар. Ілгеріде айтып кеткен «Бүгін сенің мерекең» шарасы да тұрақты жобамыздың бірі.

7a72e4e3-4951-4590-88f1-5c1682c45417.jpg

Жақында біздің тобымыз қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Яғни, жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы жанұяларға азық-түлік апарып бердік. Қолы ашық, жүрегі кең қайырымды азаматтардың арқасында көптеген шаңыраққа қуаныш сыйладық деп ойлаймын. Одан бөлек, 9 мамыр қарсаңында тыл ардагерлеріне барып, үй-жайын ретке келтіріп, ауласын тазалап, іші-сыртын ақтап, кішігірім жөндеу жұмыстарын жасап кеттік. Карантин кезінде қолымыздан келген көмекті аяп жатқанымыз жоқ.

Еріктілер тобының алға қойған жоспары көп. Жадыра олардың барлығы да жақсылыққа бастайды дейді. Отызға жуық еріктісі бар «Жылы жүрек жастар» еріктілері әлі де талай игі істерді атқаратынына сенімдіміз.

– Қазіргі техникалар дамыған заманда адам мен адам арасында бауырмалдылық қасиеті кішкене кенже қалып бара жатқандай. Ал ерікті ісі сол ұмытылуға айналған мейрімбандылықты, жанашырлықты қалпына келтіруге көмектеседі деп ойлаймын. Әрине, ерікті болу кез келген адамның қолынан келеді. Бірақ, басында өзімде азын-аулақ қиындықтар кездескенін жасырмаймын. Себебі, «мен волонтермін» десең, мәнісін түсінбейтін көптеген жандар күле қарайтын. «Ол не жұмыс? Оған айлық төлене ме? Неге басқа жұмыспен айналыспасқа? Ерігіп жүрсің бе?» деген сұрақтар қойылып жатты. Жүрегіме қатты тиді. Түсіндіруге тырыстым. Ол жандар біздің қатарамызға қосылып, шараларымызға атсалыспаған соң, бұл істі жан дүниесімен қабылдап, жүрегімен түсіне алмайды.

82e691a3-2742-4c05-aaf3-b6a258df882a.jpg

Ерікті қыз жомарт жандар баршылық екенін айтады. Олар іс-шараларға тұрақты түрде көмек қолын созып, барынша қолдау көрсетуге тырысады дейді. Есімдерін атамауды өтінетін демеуші азаматтарға «Жылы жүрек жастардың» айтар алғысы шексіз.  

– Ерікті – қайырымдылықтың бір қанаты деп білер едім. Кез келген адамның біздің қатарымызға қосылуға мүмкіндігі бар. Ешкімнің жасына, ұлтына, дініне қарап бөлмейді. Тек жасар жақсылығы жүректен шықса болғаны...

Жалпы, вoлoнтеpлiк (еpiктi) қызметке – aғaш, өciмдiктеp, көгaлдap, түптеpдi oтыpғызып, өcipy; Aзaмaттapдың мынaдaй cияқты әлеyметтiк caнaттapынa көмек: егде aдaмдap, қaмқopcыз бaлa-шaғaлap, бacпaнacыз aдaмдap, жacтap, cтyденттеp, мүмкiндiктеpi шектеyлi aдaмдap (мүгедектеp), бұpынғы тұтқындap, т.б; Жaнyapлapғa көмек, қopықтap мен xaйyaнaттap caябaғынa еpiктi көмек; Ayлaны, телiмдеpдi, қaлaлық көшелеpдi aбaттaндыpy; Caлayaтты өмip caлтын нacиxaттay; Экoлoгияны жaқcapтy: қoқыcтapды жинay, cенбiлiктеpдi ұйымдacтыpy т.б; Қaйpымдылық кoнцеттеpi мен теaтp қoйылымдapы; Нaшaқopлық, CПИД, жacөcпipiмнiң aйыпкеpлiгiн aлдын aлyғa apнaлғaн oқтayлы әңгiмелеpiн жүpгiзy жатқызылады.

Ерікті болудың ерлікпен тең екенін жадымызда сақтайық. Олардың ерең еңбегі ақталып, азаматтық қоғамның дамуында әрбір жеке тұлғаның құндылығын арттырп, игі іс жасауға талпындырады деп сенейік.

Бөлісу:
 (Суреттер Жадыраның жеке мұрағатынан) Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға