Жаңалықтар

Ережесіз жекпе-жектің қаһармандары

Еліміздегі ережесіз жекпе-жек өнері жылдан жылға артып, аса жылдам қарқынмен дамуда
Ережесіз жекпе-жектің қаһармандары
Фото: @sovsport 22.01.2023 20:00 2245

Мария Агапова (10-3) UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіске жетті.

Жалғас Жұмағұлов 2020 жылдан UFC-де 6 кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетті. Жалғастың төмен көрсеткіштері көп жағдайда төрешілердің әділетсіздігімен түсіндіріледі. Оны UFC басшылығы да көріп отыр.  

UFC-дегі келесі бір қазақстандық Сергей Морозов.

Сергей UFC-дегі бес кездесуде үш рет жеңіске жетіп, ұйыммен жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Шеттегі қазақтың ішінен «Аралас жекпе-жек өнерінің» көгіне жұлдыздай жарқырап шыққан орынборлық қандас Дамир Исмағұлов еді, бірақ өткен желтоқсандағы жеңілісінен соң жекпе-жек кәсібін қоятындығын мәлімдеді.

Дамир Исмағұлов 1991 жылы 3 ақпанда Орынбор облысында дүниеге келген. Кәсіби спортшы. Жеңіл салмақтағы M-1 Challenge чемпионы. Ресей кубогының иегері. Жас жігіт футболшы болуды армандайады, бірақ жарақат кедергі болды. Сондай кезде кездейсоқ, досымен бірге күреске барады.

Сөйтіп Дамир Исмағұловтың спорттық өмірбаяны 20 жасында күрестен аралас жекпе-жекке ауысқан кезде басталды. Жас жігіт жаттықтырушы Александр Шлеменкомен айналысқан. Спорттық мансабының басында 2017 жылы ол Орынборда өткен турнирде М-1 чемпионы атағын жеңіп алған. UFC-де алты жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жеткен.

Жұмабек Тұрсын жаққан жекпе-жектің көрігін Қытай қазағы қыздырып отыр. Солардың бірі Сайран Нұрданбек Лас-Вегаста 2022 жылғы 5 қарашада өткен UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Нұрданбек бір минут ішінде UFC-де 26 жеңісі бар американдық жауынгер Эрик Минерді (26-13) нокаутқа жіберді. Осылайша, Сайран Нұрданбек кәсіби мансабында 39-шы және UFC-де үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ол промоушнде барлығы төрт жекпе-жек өткізді. Үш ретіп жеңіп, бір рет жеңілді.

Келесі бір 23 жасар қытайлық қандасымыз Қайсар Мақсат UFC-де екі кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткенімен болашағынан зор үміт күттіреді.

UFC есігін ашқан бірінші қазақ Жұмабек Тұрсын Қытайдың Бейжің, Шанхай секілді үлкен қалаларында жекпе-жек саласында шұғылданып жүрген қазақ жігіттері көп дейді. Ол Сайран, Қайсар, Ербол, Ғабит есімді жігіттер қазақтың атын әлемге әйгілей алады дейді.

UFC-дегі қазақстандық жауынгерлердің менеджері Саят Абдрахманов.

Саят менеджер болғанға дейін Қытайда мұнай саласында білім алған, бірақ мамандығы бойынша қысқа уақыт жұмыс істеп, спорт саласына кетеді. 2020 жылы Шавқат Рахмоновқа және басқаларға UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық болуға көмектесті.

Қазіргі уақытта «аралас жекпе-жек өнерінің» спортшылары үшін озық ұйым UFC-да өнер көрсету басты мақсат. Алайда, өкінішке орай, соңғы уақытта осы промоушндегі қазақстандық файтерлер саны азайды. Өткен қараша айының соңындағы сәтсіздіктен соң Жалғас Жұмағұлов, кейінірек осы ұйымға ауысқаннан кейін бес жеңістен соң бірінші рет жеңілген Дамир Исмағұлов та спорт жолынан шығатындықтарын мәлімдеді.

Бірақ әлемдегі ең беделді аралас жекпе-жек промоушнінде қазақстандық және қазақ жауынгерлермен әлі де толығады деп күтеміз. Brave CF жауынгері Асу Алмабаев, Арман Әшімов,  Азат Мақсум, Әліби Ыдырыстың осы деңгейге көтерілуге мүмкіндіктері үлкен. Жалғас Жұмағұлов пен Дамир Исмағұлов кету туралы райларынан қайтып, жеңісті жолдарын одан әрі жалғастырады деп үміттенеміз. Қалай болғанда да, қазіргі кезеңде түркі халықтарының ішінен алдыңғы қатарда келе жатқан қазақ жауынгерлерінің әлемдегі ең мықты «аралас жекпе-жек өнерінің» промоушнында саны арта береді деп күтеміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға