Ерен еңбек еткендер
Әуелбеков Еркiн Нұржанұлы – белгiлi мемлекет және саяси қайраткер, iрi ұйымдастырушы, Социалистiк Еңбек Ерi. Ол 1930 ж. маусымның 22 жұлдызында Көкшетау облысы Рузаев ауданы Фрунзе ауылында туған. 1948 жылы Шұқыркөл орта мектебiн (медальмен) үздiк бағамен бiтiрiп, осы жылы Мәскеудегi Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясына түсiп, оны 1953 жылы үздiк бағамен бiтiредi. 1953 жылдан қызметте. Солтүстiк Қазақстан облысындағы МТСтың агрономы, МТС және совхоз директоры. 1961 жылдан партиякеңес қызметтерiнде, облыстық Көкшетау Кеңестiк атқару комитетiнiң төрағасы.
19651967 жж. Қазақстан ауылшаруашылық министрiнiң бiрiншi орынбасары, ал 19671968 жж. Қазақстан Ресубликасының астық дайындау және комбикорм министрi қызметiн атқарады. 1968 жылдан 10 жыл бойы Көкшетау облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы. Осы жылдары Әуелбековтың ұйымдастырушылық қабiлетiнiң арқасында облыс халық шаруашылығы үлкен табыстарға ие болды. Осы жылдары Е.Әуелбековке Социалистiк Еңбек Ерi атағы берiлдi. Торғай облысында 1978-1985 жж. облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып тұрғанда да облыстың халық шаруашылығы биiк деңгейге көтерiлдi. Ал 1985 жылдан бастап 4 жыл бойы Қызылорда обкомында бiрiншi хатшы қызметiн атқарды. Е. Әуелбеков қай өңiрде немесе қай салада қызметте болмасын, ол өзектi проблемаларды уақытында көрiп, оны дер кезiнде көтерiп аяғына дейiн жеткiзе орындап жүрдi. Мысалы, ақырғы қызмет еткен жерi Қызылорда облысындағы қызметiнiң кейбiр фрагметiн келтiрейiк: Қазақстанда бiрiншi болып Арал теңiзi мәселелерiн көтерiп, оны жалпы мемлекеттiк және халықаралық дәрежеге жеткiздi. Арал теңiзi туралы СССР Министрлер Кеңесiнiң Қаулысын қабылдауға мұрындық болады; Қызылорда облысының әлеуметтiк жағдайын жақсарту және экономикасын жедел дамыту туралы КОКП ОК, Қазақстан КП Орталық Комитетiнiң, КСРО Министрлер Кеңесiнiң бес бiрдей құжатын шығартады; Жедел геологиялық барлау жүргiзiлiп, мұнай, газ көздерi ашылып, Құмкөл байлығы iске қосылады; Осы кезде облыста «Шалқия» руднигi, «Рисмаш» заводы, аяқ киiм фабрикасы, көлiктасымал, құралсайман заводы iске қостырылады; барлық шаруашылық салаларындағы құрылыс жеделдетiлдi, тұрғын үй құрылысы 3 есеге дейiн өседi, т.т. келтiруге болады.
Жоғарыда Қызылорда облысындағы кейбiр ғана iстелген қызметтерiн келтiрдiк. Басқа өңiрдегi қызметтерi де ұшан теңiз. 1989 жылдан Москвада КСРО Жоғарғы Кеңесiнде ұлттық iстер басқармасының бiрiншi орынбасарлық қызметiн атқарады. КСРО Орталық партия комитетiнiң ХХIҮ, ХХV, ХХVI съездерiне делегат, бiрнеше шақырудағы КСРО Жоғарғы кеңесiнiң депутаты, үш мәрте Ленин орденiмен, Октябрь революциясы орденi, үш мәртебе Еңбек Қызыл Ту орденiмен және басқа да наградалармен марапатталған.
Өмiрiнiң соңғы кезеңiн өзi туыпөскен Көкшетау облысы Рузаев ауданына қарасты Жаңасу мекенiнде «Жаңасу» акционерлiк қоғамын құрып, сол елдiң адамдарына жұмыс орындарын ашып, халықтың халжағдайын жөнге келтiрдi, көптеген үйлер салдырды, жанындағы бұрынғы совхоздар банкрот болып жатқанда «Жаңасу» фермерлiк акционерлiк қоғам көптеген ауыл шаруашылығына қажет техникалармен жетiлдiрiлдi.
Туғантуыстары, жерлестерi, жолдасдостары, еркiн қызмет iстеген облыстардың халқы өмiр бойы ұлы азаматтың есiмiн мақтанышпен айтып, ардақтап жүретiндерiне сенiмiмiз мықты.
Байтөсов Молдай Ысқақұлы 1917 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка селосында туған. Еңбек жолын 1930 жылы Петропавл ауданындағы «Коминтерн» ұжымшарында қатардағы колхозшы болудан бастаған. 1934 жылдан осы ұжымшарда тракторшы болып істеген. 1938 жылдан Петропавл ауданындағы «1 Май» ұжымшарында, кейін трактор егіс бригадасының бригадирі болды. 1951 жылы бұл ұжымшар Бескөл ауданындағы «Луч Ленина» ұжымшарына қосылды. Осы ұжымшарда 1978 жылға дейін, яғни зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті.
1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Молдай Ысқақұлы Байтөсовке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Байсарина Сәруар Мұхамедияқызы 1936 жылы Ресейдің Новосібір облысында туған. 1953 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Белое селосына көшіп келген. Бір жылдан кейін Петропавл қаласындағы «Комсомолка» тігін фабрикасына тігінші болып орналасқан. 1964 жылы ең жоғарғы разрядтағы мастер атағын алады. 1982 жылы осы кәсіпорында өндірістік оқудың нұсқаушысы болып істейді. 1966 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1970 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады.
1974 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Сәруар Мұхамедияқызына Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені мен «Орақ және балға» алтын медалі қоса тапсырылады. 1976 жылы КОКП ХХV съезіне делегат болып сайланады. Осы жылы оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы беріліп, лауреат атанды. КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Қазақстан Коммунистік партиясының ХVІ съезінің делегаты болды.
Бірнеше рет облыстық және қалалық партия комитеттерінің мүшесі болып сайланды.
Сәруар Мұхамедияқызы зайыбы Таласпай Омарұлымен Еркін атты ұл, Алма атты қыз тәрбиелеп өсірді. 1986 жылы желтоқсан айында дүниеден өтті.