Ерекшелігі бар талантты балаларға қолдау көрсетіледі
Елордада дамуында ерекшелігі бар Петропавлдық театр әртістері «Біз – бір қаннанбыз» атты жастардың ым-ишарат тіліндегі әлеуметтік спектакль өткізді. Ұлттық Дельфий Комитетінің қолдауымен өткен қойылым тұсаукесеріне Палата Спикері Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар тобы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ерекше қажеттіліктері бар жандарды қолдау және кедергісіз инклюзивті орта құру үшін жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Өткен жылы мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту туралы Заң қабылданды. Заң аясында үлкен жұмыстар атқарылып жатқанына көзіміз жетуде», - деді ол.
Театр құрамында 25 актер жұмыс істейді. Бүгінде Парадельфия номинациясы жеңімпаздарының басым көпшілігі аталмыш театрда өнер көрсетеді.
«EREKSHETEATR және "Sensitive" би театры сыңды жобалар мүгедек азаматтарға, әсіресе балаларға, жеке және шығармашылық дамуға, әлеуметтік ортаға бейімделуге, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай бастамаларды қолдау маңызды», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
Сенат Төрағасының айтуынша, мұндай бастамаларды қолдау маңызды екенін жеткізді. Бес жыл ішінде жобаны нағыз театрға айналдырған шағын ұжым, халықаралық байқаулардың лауреаты атанып, елден тыс жерлерде таныла алғандығы үлкен жұмыстың нәтижесі.
Парадельфия номинациясының 300-ден астам финалистері дельфия өнер мектебінде шығармашылық құзыреттілікті дамытып, Ұлттық дельфия қазылар алқасына тәлімгерлік қолдау көрсетуде.